Әкімдіктің қызметкерлері әуелі жағдайыммен танысып, содан кейін жеке есепшотыма бір айға жететін азық-түлік алуға қажетті ақша аударды.
Мен – алты баланың анасымын. Екі студент оқытып отырмын. Үшеуі мектепте білім алады, ал кенжем биыл алты жасқа толды. Өзім төтенше жағдай режімі енгізілгенге дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын едім. Ұсақ-түйек бұйымдар жасап, сатамын. Менің ісім темір жолмен байланысты. Қазір пойыздар қозғалысы тоқтаған соң, менің де шаруам қаңтарылып тұр.
Міне, осындай қиын жағдайда қалғанымда, жергілікті әкімдіктің бізді ұмытпай, көмек қолын созғанына аналық алғысымды айтамын!
Айтпақшы мен осының алдында 42 500 теңге әлеуметтік төлемді де алдым. Мемлекет басшысына, Үкіметімізге айтар алғысымыз мол!
Алеся АХМЕТЗЯНОВА,
көп балалы ана
Қарағанды облысы,
Приозерск қаласы