• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 22 Сәуір, 2020

Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды

520 рет
көрсетілді

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елдегі эпидемиялық жағдай аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша онлайн-баспасөз мәслихаты өтті. Шараға «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп қатысты.

Жиын барысында ол дәрі-дәр­мектерді еліміздің медициналық ұйымдарына жеткізу жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«2020 жылға арналған бірыңғай дистрибьюторлардың тізіміне 259 млрд теңге сомасына 1385 дәрі-дәрмек пен медициналық мақсат­тағы бұйым алуға шарт жасалды. Эпидемиялық жағдайды ескере отырып, бірыңғай дистрибьютор рес­публиканың медициналық ұйым­дарын дәрі-дәрмектермен және меди­циналық мақсаттағы бұйым­дармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдағанын атап өткім келеді. 86 млрд теңгенің дәрі-дәр­мектері республика бойынша меди­циналық ұйымдарға жөнелтілді. Соның ішінде дәрі-дәрмектерді амбулаториялық негізде қабылдаған пациенттерге 47 млрд теңгеге дәрі-дәрмек жеткізілді. Сонымен қатар 27 млрд теңге мөлшерінде дәрі-дәрмек тегін берілді. Республикадағы ауруханаларға 39 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер мен медициналық мақ­саттағы бұйымдар жіберілді. Бұл ауруханада емделетін пациенттерді үздіксіз қамтамасыз ету үшін жет­кілікті болуы керек. Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 мыңнан астам ықтимал науқасты емдеуге жеткілікті дәрі-дәрмек бар», деді Б.Шәріп.

Сонымен қатар ол, елімізге АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапо­ния, Түркия және БАӘ-ден гума­ни­тар­лық көмек көрсетілгенін және Қазақ­станның ірі компаниялары COVID-19 эпидемиясы жағдайында отан­дас­тарына барлық мүмкін көмек­ті көрсетіп жатқандарын жеткізді.

«Айта кететін тағы бір жайт, бү­гінгі таңда бұқаралық ақпарат құрал­дарында, әлеуметтік желілерде «Эутирокс» препаратының жетіс­пеу­шілігіне қатысты мәселе көтерілуде. Соған түсінік бергім келеді. «Эу­ти­рокс» препараты Міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру жүйе­сіндегі дәрі-дәрмектер мен меди­циналық мақсаттағы бұйым­дар­дың тізіміне енгізілген. Препа­ратты гипотиреоз, гипопаратиреоз диагнозымен тіркелген барлық науқас қабылдай алады. Препарат алты дозада Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрі-дәр­мек­тер тізіміне енгізілген. Жеткізу кес­тесіне сәйкес осы уақытқа дейін жоспарланған барлық өнім Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына келіп, медициналық ұйымдарға олардың сұранысы бойынша жет­кізілді. Осы «Эутирокс» дәрісі негі­зінде біз 158 млн теңгеге шарт жасас­тық. 68 млн теңгеге бұл дәрі-дәрмек барлық медициналық мекемелерге жеткізілді. Сондықтан ол жеткілікті», деді Басқарма төрағасы.