• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2013

Өзге елдер үшін үлгі

321 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы С.Лавровтың Қазақстанға сапарына ықылас білдіріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

– Қазақстан мен Ресей жоғары деңгейде қарым-қатынас жасап келеді. Бұған елдеріміздің сыртқы істер министрліктері мен елшіліктерінің қосқан үлесі зор. Біздің екіжақты ынтымақтастығымыз өзге елдер үшін үлгі бола алады деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Ресей Сыртқы істер министрін G20 саммитінің сәтті өтуімен құттықтап, осынау ауқымды іс-шараның сапалы ұйымдастырылғанын атап өтті.

С.Лавров Нұрсұлтан Назар­баевты Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен жүргізілген келіссөздер, онда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері қаралғаны, соның ішінде мемлекеттер басшылары кездесуіне дайындық жөнінде нақты қадамдар белгіленгені туралы хабардар етті.

Бұған қоса, өңірлік қауіпсіз­дікті қамтамасыз етудің аспек­ті­­лері мен халықаралық күн­ тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

-----------------------------------------

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар