Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры биыл 13 млрд. теңге бөледі. Бұл қаражат ауыл кәсіпкерлеріне шағын несие ретінде ұсынылады. Қазірге дейін оның 8,3 млрд. теңгесі 4 мыңнан астам адамға берілді. Жылдың соңына дейін оған тағы 200-ге жуық кәсіпкер қол жеткізеді.

Назарбаев Университеті студенттерінің саны 2 мыңнан асты. Биыл білім ордасы дайындық бағдарламасына 536 тыңдаушыны, бакалавриат бағдарламасына 48 студентті, магистратура мен докторантураға 126 студентті қабылдады.
Үстіміздегі жылы Қазақстан мен Ресейдің ортақ 11 жобасы іске қосылады. Бұл туралы кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті. Аталған жобалардың барлығы Қазақстан мен Ресейдің 2013-2015 жылға арналған бірлескен іс-шаралар туралы жоспарына енген.
Астана қаласындағы халық саны 795 мың адамнан асты. Биылғы жылдың 7 айында мұнда 12634 бала өмірге келді. Өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 4,74-тен 4,28-ге азайды.
Бүгін Өскеменнің туған күні кең көлемде атап өтіледі. Шара барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасы бойынша осы өңірдің белгілі азаматтары Александр Протазанов пен Ахат Күленовтің ескерткіштері ашылады. Ал мерекелік концертке Бибігүл Төлегенова, Майра Ілиясова бастаған қазақ ән өнерінің жұлдыздары қатысады.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz,
TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.