• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Ақтауда коронавирус жұқтырған жүкті әйел қыз босанды

336 рет
көрсетілді

Акушер-гинеколог дәрігерлер кесір тілігі арқылы әйелді босандырып алды. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Салмағы 2,7 келі дені сау қыз дүниеге келген. Жаңа туған нәрестеден Covid-19-ға талдау алынған. Мамандар нәтижесі дайын екендігін айтады, қорытынды теріс көрсетті. Дәрігерлердің айтуынша, қазір сәби өзін жақсы сезінеді және провизорлық стационардың балалар палатасында ауыстырылды. Нәрестені білікті медицина қызметкерлері үздіксіз қадағалайтын болады.

Еске сала кетейік, провизорлық стационарға түскен науқас әйел жүктіліктің 36-аптасында болған. Одан коронавирус инфекциясы анықталып, босанған әйелдің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Ол инфекциялық стационарда ем алуды жалғастырады. Айта кетейік, вирус жұқтырған әйелді босандыру облыстық перинаталдық орталықтың, акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының (Алматы), ахуалдық орталықтың (Нұр-Сұлтан) мамандарымен келісілген.

 

Маңғыстау облысы