• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2013

Бас келісімге өзгертулер енгізілді

240 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысы өтті.

 

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысы өтті.

Комиссия жұмысына Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының басшылары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері және басқалар қатысты.

Талқылау барысында­ «Кә­сіп­тік одақтар туралы» заңның жобасы, жұмыс берушілердің ерікті декларациялау тәжірибесін енгізуде олардың қызметтерінің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келуі бойынша ұсыныстар, сонымен қатар, 2012-2014 жылдарға арналған бас келісімге Үкімет, республикалық жұмыскерлер және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы толықтырулар қарастырылды.

Бақытжан Сағынтаев Мем­ле­кет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасы Қазақстандағы кәсіподақтардың қызметтерін жақсартуға бағыт­талғанын атап көрсетті. Кәсіп­одақ туралы жаңа заң кәсіподақ қозғалысының тік моделін құру үшін құқықтық негіз қалайды және кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейінде ынталандыруды күшейтеді деп санаймыз, деді бірінші вице-премьер.

Комиссия жұмыс беру­шілердің қызметін ерікті дек­ларациялауды еңбек заңна­ма­сының талаптарына сәйкес сенім сертификаты негізінде енгізуді қолдайды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл тексерулердің санын азайтуға, сонымен қатар, ерікті жұмыс берушілердің имиджін көтеруге мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет, республикалық жұмыскерлер және жұмыс берушілер бірлестіктері арасында бас келісімге өзгертулер енгізілді. Онда салалық және өңірлік келісімдер мен ұжымдық келісімшарттарда жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын сақтап қалу, 50 жас­тан асқан адамдарға лайықты еңбек жағдайларын жасау және олардың біліктілігін және ұтқырлығын арттыру жөнінде бағдарламаларды қабылдау бойынша ережелерді бекітуге бағытталған шаралар қарастырылған.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар