• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

COVID-19: Қостанай облысында 7 адамнан індет анықталды

610 рет
көрсетілді

Бүгін Жітіқарада 5, Қостанай қаласында 2 адамнан COVID-19 вирусы анықталғаны белгілі болды.   Жітіқарада індет жұқтырған 5 науқастың ең жасы 34-те, үлкені 62 жаста. Барлығы ер адамдар. Олар өздеріне дейін індетке шалдыққан адамдармен байланыста болған. Қазір науқастар ауруханаға жатқызылып, бекітілген хаттамаға сай тиісті емдеу шараларын алып жатыр.

Сонымен қатар, Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасының провизорлық бөліміне төрт баласымен бірге 1985 жылы туған әйел түсті. Азаматша Ресейден келген. Шекарада термометриядан өткенде оның қызуы көтеріліп тұрғаны белгілі болған. Осылайша жолаушы әйел бала-шағасымен бірге жедел жәрдеммен Қостанайға жеткізіліп, провизорлық бөлімге жатқызылған. Оның  COVID-19 жұқтырғаны бүгін расталды.

Сонымен қатар, Қостанай қаласында тұратын 37 жастағы әйелдің  коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Жалпы 22 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 34-ке жетіп отыр.   

 

 Қостанай облысы