Індет ошағы Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы аудандарда. Целиноград ауданында – 74, Аршалы ауданында – 3, Көкшетау қаласында – 4, Шортанды ауданында 1 науқас анықталған болатын.
Бұл жолы Целиноград ауданының Ақмол ауылының 1961 жылы туған тұрғыны індет қармағына іліккен. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік-медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істеген. Қазіргі күні жұқпалы ауруларды емдейтін госпитальда ем қабылдап жатыр. Онымен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, тиісті шаралар қолданылуда.
Бұл облыстағы коронавирус індетіне байланысты 83-ші оқиға. Қазір облыстың емдеу мекемелерінде 346 адам оқшауланса, үй карантинінде 380 адам бар.
Ақмола облысы