• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Ақмолада «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті

127 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы тұрғындардың көкейінде жүрген көп сұрақтарға жауап берді. Қойылған сауалдардың көбі жеке автокөлікпен жүруге салынған тыйым мәселесіне, карантин режимінің аяқталу мерзіміне,  блок-бекеттерден өту тәртібіне қатысты болды.

«Жолдағы қабылдау» деп аталған акция аясында өткен тікелей эфир екі сағатқа созылды. Тұрғындардан 2 мыңнан астам сұрақ түсті. Олардың ең негізгісі–блок-бекеттерден өтудің тәртібі жайында болды. Тәртіп сақшыларының айтуларынша,  кедергісіз жол жүруге рұқсат алу үшін жіберілген өтініш тез қаралсын десеңіз, тиісті құжаттарды дұрыс толтыру керек.  Өтініш 1 тәулік ішінде қаралады.

– Облыс бойынша жүріп-тұруға тек транзиттік көліктерге ғана рұқсат етілген. Олар күнделікті қажетті тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдарын жеткізетіндер.  Яғни, өңір аумағы бойынша жүруге облыс әкімдігі жедел штабының шешімімен карантин кезінде  жүруге   рұқсат берілген көліктер ғана өткізіледі,–дейді облыстық жергілікті полиция қызметі  басқармасының бастығы Серік Баймұқанов.

Тәртіп сақшылары төтенше жағдай тәртібін бұзған тұрғындар өзінің ғана емес, өзгенің де денсаулығына қауіп төндіретіндігін ескертті.

Ақмола облысы