Алдыңғы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанда дипломатиялық қызметін аяқтаған Америка Құрама Штаттарының елшісі Кеннет Фэйрфакспен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат Төрағасы Қазақстан-Америка қатынастарын нығайтуға қосқан үлесі үшін елшіге алғыс айтып, кәсіби қызметінде одан әрі табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.
Қ.Мәми Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі дами түсуі аймақтық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікке үлес қосатынына сенім артты.
Кездесуде Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламентаралық ынтымақтастық деңгейі арта түскені атап өтілді. Өткен жылы америкалық конгресшілер Астанаға келіп, қазақстандық сенаторлар Вашингтонға сапармен барды.