Әлемде індет жұқтырғандар саны 2,5 миллионнан асты деп хабарлайды лондондық Reuters ақпарат көзі. Осының ішінде АҚШ-та бұл дерт 800 мыңнан астам адамнан табылса, дүниежүзі бойынша 170 мың адам бақилық болған екен. Оның үштен екісі еуропалықтардың үлесінде.
Жоғарыдағы дерт жұқтырудың 500 мыңы алғашқы 75 тәулікте тіркелсе, жыл шыққаннан бастап алғашқы үш айда 41 мың, соңғы сәуір айында 70 мың адам дертке шалыдыққан екен.
Індет салдарынан АҚШ-та 42 мың адам көз жұмса, одан кейінгі орындарда: Италия (24 мың), Испания (21 мың), Франция (20 мың), Ұлыбритания (16 мың).
Ал індет жұқтырудан тағы да АҚШ көш бастап тұр. Мұнда 804 мың науқас анықталған. Одан кейінгі елдер: Испания (204 мың), Италия (181 мың), Франция (156 мың), Германия (147 мың).