• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Сәуір, 2020

COVID-19: АҚШ грин карта беруді уақытша тоқтатты

130 рет
көрсетілді

АҚШ өз еліне тұрақты тұру үшін сырттан келетін эмигранттарға беретін грин карта тәртібін уақытша тоқтатпақ. Бұл туралы мәлімдеген президент Дональд Трамптың сөзі NBC-де жарияланды.

Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, бұл шара АҚШ-қа тұрақты тұру үшін келген шетелдіктерге қатысты. Уақытша келушілерге қатысы жоқ.

Бұл коронавирус салдарынан сақтану үшін қарастырылған шара көрінеді. Бұл тәртіп әзірге 60 күнге жалғасады. Сонымен қатар, елдегі жұмыссыздық мәселесін реттеуге мүмкіндік туады.

Дейтұрғанмен бұл тәртіп американдықтардың сырттан келетін туыстарына және дәрігер мамандарға қатысы жоқ. Өйткені, елдегі денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің 17 пайызы сырттын келушілер болса, соның ішінде медбикелердің 24 пайызы шетел азаматтары. Сонымен қатар, фермерлікпен айналысатындарға да жеңілдік қарастырылған.

Бірақ бұл іс елшіліктердегі виза беру тәртібіне әсер етпейді.