• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Ақмола облысында тағы бір ет зауыты іске қосылады

201 рет
көрсетілді

Жобаның құны бес миллиард теңге. Жылдық қуаты жиырма мың тонна ет өңдеуге еркін жетеді.

Жоғары технологиялық ет өңдейтін кешен Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде салынып жатыр. Бүгінгі күні кешеннің құрылыс жұмысы аяқталған. Су құбыры мен шаруашылық-тұрмыстық канализация тарту ғана қалды.

Толық жүзеге асырылған кезде ғана азық-түлік белдеуіндегі облыс Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарын сапалы ет және ет өнімдерімен көбірек қамти алады. Әрі жергілікті жұртқа тұрақты табыс көзі болатын жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

 

 

Ақмола облысы