• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Қостанайда провизорлық емхана ашылды

220 рет
көрсетілді

Карантин жағдайында облыс орталығындағы №4 емхана жанынан провизорлық емдеу мекемесі ашылды. 30 төсек-орындық уақытша емханада қазір 15 адам жатыр. Емхананың жүкті әйелдерге арналған бөлек бөлмесі, жансақтау бөлімі бар. Қазіргі талапқа сай «Таза» және «залалды» аумаққа бөлінген емханада екі эпидемиолог жұмыс істейді.     

Провизорлық емхана пневмония, бронхит белгілері байқалған, сондай-ақ  суық өткен, тұмау тиген тұрғындарды қабылдайды.  Қаланың қай түпкірінен хабарласса да, науқас жедел жәрдем көлігімен дереу осында жеткізіледі. Мұнда арнайы медициналық тексеруден өтіп, індет белгілерінің бар-жоғы анықталады.  

Қостанайдағы емхана елімізде ашылған бесінші провизорлық емдеу мекемесі. 

 Қостанай облысы