• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2013

«Мұзтаудың мұзбалағы»әні Өскеменде тұсауын кесті

412 рет
көрсетілді

Әміре Қашаубаев атын­дағы Семей мемлекеттік филар­мониясының өнерпаздары 68-ші маусымын Өскеменде талантты сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың өмірден ерте озған Мұзтаудың мұзбалағы Оралхан Бөкейге арнап шығарған осы аттас әнімен ашты. Семейлік ақын Мұрат Тастағановтың сөзі­не жазылған әнді өске­мен­діктер жылы қарсы алды.

«Ағажай Алтай», «Гүл­дариға», басқа халық әнде­рін нақышына келтіріп орын­даған әншілер Т.Сембаев, Г.Но­ғай­бае­ваның өнеріне көпшілік разы болды. Филармония әртіс­тері енді өңірдің басқа аудандары мен қалаларында концерт қоймақ.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

Соңғы жаңалықтар