• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Қостанай: Полицейлер 15 адамды өрттен құтқарып қалды

182 рет
көрсетілді

Тәртіп сақшылары аман алып қалған адамдардың ішінде 5 жасар нәресте бар.

22 сәуірге қараған түні сағат 02.00 шамасында Алтынсарин көшесінде бірнеше отбасы тұрып жатқан қос қабатты коттеджден өрт шығады. Мұны түнгі күзетте жүрген лейтенанттар Жанболат Жаутин мен Амантай Байжанов байқап қалып, бірден көмекке ұмтылады.

– Біз сол сәтте өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметін шақырдық. Мұндайда әр секунд қымбат. Екі қабатты үйдің мансардында да адам бар екен, - дейді Жанболат Жаутин. Үйдің айналасындағы қоршауы биік, қақпасы жабық болған. Полицейлер қоршаудан секіріп түсіп, құлыптаулы үйдің есігін бұзып ішке енеді. Бұл кезде мансард түгелдей қызыл жалынға оранып, үйдің ішін қою түтін баса бастаған. Полицейлер жанталасып жүріп, үйдегілерді ұйқыдан оята бастайды. Ояна алмағандарын сыртқа көтеріп шығарған. Тұрғындардың бірі қалмай сыртқа шығарылғанына көзіміз жеткенше үйге қайта-қайта кіріп, бөлмелерді бірнеше рет тексеріп шықтық, - дейді үстіндегі қызметтік киімін жалын жалап жұлым-жұлым еткен, қолын күйік қарыған Амантай Байжанов.

Өрт шыққан үйдің қожайыны Павел Яковлев үйді өзі тұрғызғанын, қазір бөлмелерін жалға беріп жатқанын айтты.

 

 

 Қостанай