• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

ҚазҰАУ мамандары агрокешенді дамыту сұрақтарына жауап берді

224 рет
көрсетілді

Қазақ ұлттық аграрлық университетте еліміздің әр аймағындағы ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында университет ректоры Тілектес Есполов онлайн конференция өткізді. Конференцияға республиканың 10 облысынан екі мыңнан астам ауыл кәсіпкерлері мен аграрлық сала қызметкерлері байланысқа шықты.

Тікелей эфирде бүгінгі көктемгі ауылшаруашылық саласындағы маусымдық жұмыстарға байланысты егіншілік, өсімдік қорғау, мал шаруашылығы, ветеринария, жер, су, орман ресурстары, агробизнес т.б. сұрақтар бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Универсиеттің баспасөз қызметінің дерегі бойынша,  туындаған сұрақтарға жауап беру үшін онлайн конференцияға менімен бірге университеттің 25 эксперті қатысып, тікелей эфирдегі конференция жұмысын университеттің Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры Қайсар Табынов жүргізді.

Онлайн конференция барысында негізінен бейнесұрақтар берілді. Алматы облысының фермері Тілектес Ахметов жолдаған қуаңшылық кезінде бидай мен арпаның өнімділігін арттыратын технологиялар туралы сұраққа ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Агрономия кафедрасының меңгерушісі Серік Кененбаев жауап берді. Серік Барменбекұлы сондай-ақ, Жамбыл облысының «Шымырбай» шаруа қожалығының жетекшісі Шымырбай Әбдібектен келген жоңышқаның құрты туралы бейнесұраққа тұшымды жауап берді.

Алматы облысының «Баянбай» шаруа қожалығының жетекшісі Мереке Малдығұлов қойған май бұршақ өнімділігін арттыру туралы бейнесұраққа ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, Агрономия кафедрасының профессоры Тастанбек Атақұлов жауап берді.

Солтүстік Қазақстан облысының Ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжановтың ірі қара малда кездесетін бруцеллез ауруының алдын алу мен емдеу шараларына ғылыми, тәжірибелік қолдау көрстету мәселесі бойынша сұрағына және Шығыс Қазақстан облысы Ветеринариялық дәрігерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Есенгелді Бакимбаевтың бруцеллез вакцинасына қатысты жолдаған сұрағына ветеринария ғылымдарының докторы, Биологиялық қауіпсіздік кафедрасының профессоры Нұрлан Ахмедсадықов жауап берді.

Нұрлан Ахмедсадықов сонымен қатар, Алматы облысының «Сарғалдақов» шаруа қожалығының жетекшісі Санжар Сәдуақасов жолдаған төрт түлік мал төлдерінің ас қорыту ауруларын алдын алу және емдеу іс-шаралары туралы, осы ауруларға қарсы университет ғалымдарының жасаған препараттары туралы екі бірдей бейнесұраққа жауап берді.

Биология ғылымдарының докторы, Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасының профессоры Әсия Серікбаева бұл сұрақты қосымша қамтып, технологиялық мәселелері бойынша толықтыра түсті.

Сонымен қатар, тікелей эфирде Маңғыстау облысындағы «Каспий» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Тұрар Жүнісовтың құс шаруашылығын субсидиялау және дамыту  туралы сұрағына және Алматы облысындағы «ТүргенЭкоПродукт» серіктестігінің директоры  Сергей Степаненконың бақша және ара шаруашылығын субсидиялауға қатысты сұрағына экономика ғылымдарының докторы, ҚазҰАУ Бас ғалым хатшысы Үкілай Керімова жауап берді.

Осы сұрақтың екінші бөлігіне және Маңғыстау облысының ауыл кәсіпкері Әбілсейіт Жамалбековтың Бройлер құс зауытына ветеринар кеңесші тарту туралы сұрақтарға ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі  Шохан Әлпейісов жауап берді.

Қызылорда облысының «Рахман» шаруа қожалығының өкілі Айжан Сапарованың университет ғалымдары жасаған дезинфекциялық препарат туралы сауалына ветеринария ғылымдарының кандидаты, Ветеринариялық санитарлық сараптама және гигиена кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бақыт Барахов жауап берді.

Жамбыл облысының ауыл кәсіпкері Өрікбай Шөжебаев жолдаған бейнесұрақ мал өнімдерінің сапасын анықтайтын зертхана және мал сою орнын ашу мәселесіне қатысты болды. Бұл сұраққа ветеринария ғылымдарының кандидаты, Ветеринариялық санитарлық сараптама және гигиена кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ақылбек Жұмагелдиев жауап берді.

Онлайн конференция барысында ҚазҰАУ Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығы мен университетіміздің оқу-тәжірибелік шаруашылығында іске асырылып отырған көктемгі  егіс жұмыстары туралы арнайы бейнетүсірілім көрсетілді. Биылғы жылы бұл орталыққа инвестициялық жоба арқылы 75 бірлік жаңа үлгідегі ауыл шаруашылық техникалары мен қондырғылары әкелінді. Соның 22-сі қазіргі кезде  көктемгі егіс жұмыстарында пайдалануда.

Қазіргі кезде университет студенттері қашықтықтан білім алумен қатар өз ауылдарындағы көктемгі егіс және мал шаруашылықтарында өндірістік тәжірибеден өтуде.

Әр аптаның сейсенбі, жұма күндері сағат 17:00-де біздің тікелей эфир мына сілтеме бойынша жүргізіледі: 

 

 

АЛМАТЫ