Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 36 жастағы «Балықшы-Жұмыскер» көпірінен секіруге оқталыпты.
– Өзін-өзі өлтіруге оқталған ер адамды көпірден өтіп бара жатқан жүргінші көріп қалған. Оған көмектесуге блок-бекетке қызметтік көлігімен келген полиция қызметкері ұмтылған. Атыраудағы №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, аға лейтенант Айдын Қаженов көпірге таяу келіп, секіруге оқталып тұрған азаматты әңгімеге тартқан. Сол кезде жүргінші ер адамның артынан білдірмей келіп, қауіпсіз жерге шығарып алған,-деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір құтқарылған азаматтың мұндай оқыс әрекетке бару себебі анықталуда.