• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Атырау: Облыстық сотқа жаңа төраға келді

889 рет
көрсетілді

ҚР Президентінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен Бауыржан Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бауыржан Тұрсынұлы 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген.  1985 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Мамандығы – құқықтанушы, заңгер.

Әр жылдары Алматы қаласының прокуратурасында, Ақмола облысының Әділет басқармасында қызмет атқарған. 1999-2002 жылдары Астана қаласының соты, 2002-2006 жылдары Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болған.

2011-2012 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының аппаратында,  2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Жоғарғы Сотында жұмыс істеді.