• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Алматының Мохнатка тауындағы өрт сөндірілді

137 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, бүгін кешкі 17:15-те кезекші бөліміне Медеу ауданындағы Керей мен Жәнібек хандары көшелеріне жақын маңдағы тауда өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Өрт салдарынан Болай тауындағы (Мохнатка) 1 гектар аумақты от шарпыған. Өрт сөндіруге 24 маман шұғыл жұмылдырылып, желдің соққанына қарамастан, тілсіз жау бір сағаттың ішінде ауыздықталды. Өрт сөндіру қызметіне Іле Алатауы паркінің 15 қызметкері, 5 техника тартылған.

Қаланың ТЖД бастығы С.Әубәкіровтың айтуынша, өрт болған аумаққа түнгі күзет қойылады. Сондай-ақ, ТЖД көктемгі мезгілде жер үй тұрғындарын өрттен абай болуға шақырады. Қураған шөп, жапырақтарды өртеген кезде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы қажет. Оның салдары тұрғын-жайларды, тіптен газ құбырларының, жанармай бекеттерінің өртенуіне соқтыруы әбден мүмкін.  Кінәлілер әкімшілік, жағдайдың салдарына байланысты қылмыстық жауапкершілікке де тартылады.

АЛМАТЫ