Бүгін Қостанай қаласында екі адамнан COVID-19 анықталуына байланысты, кешкі сағат 20.00-де облыс орталығындағы екі көп қабатты тұрғын үй карантинге жабылды.
Өңірлік жедел ақпарат штабының мәліметінше, Нариманов көшесіндегі №71 үй толық жабық. Мұнда 72 пәтер бар. Ал Л.Беда көшесіндегі 44-үйдің бірінші кіреберіс дәлізі ғана жабылған. Мұнда 45 пәтер бар. Қазір сыртқы кіреберіс есіктерге турникет орнатылып, полиция күзеті қойылған. Екі үйдің де тұрғындары ас-су жеткізу қызметін пайдалана алады. Олардың туыстарына да азық-түлік жеткізіп беруге рұқсат етілген.
Қостанай