Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үлкен Алматы айналма жолының жоспарын жариялады. Жобаға сәйкес Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы Алматы қаласы орталығынан 20-25 шақырым жердегі Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумақтарына жататын қала маңы аймағында орналасқан.
Тасжол Қырғауылды елді мекеніндегі «Алматы – Ұзынағаш» автомобиль жолымен, Райымбек елді мекенінде «Алматы – Бішкек» автомобиль жолымен, Ақсеңгір бекеті маңында «Бұрындай – Шамалған» автомобиль жолымен, сондай-ақ, «Алматы – Комсомол», «Алматы – Қапшағай», «Алматы – Байсерке» автомобиль жолымен, Құлжа тасжолымен қиылысып, «Алматы – Талғар» автомобиль жолымен қиылыста аяқталады.
Жоба аясында 7 көліктік жол айырығы, 20 көпір мен 20 жол өтпелі салынатын болады.