• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2020

Атыраулықтар алты бағытта жұмыс істейді

296 рет
көрсетілді

Волонтерлер штабы құрылып, аймақ тұрғындарының қажеттіліктерін ескеріп, қолұшын созып жүргендердің, қоғамдық тәртіпті реттеуге атсалысқандардың қатарында атыраулық волонтерлер штабы да бар. Бір қызығы, штаб мүшелері қатарын толықтыруға ниеттілер күн санап артып келеді. Көмекке келгендердің орта жасы 30-да. Яғни олар – қаланың ересек, ақыл тоқтатқан азаматтары. 

Атырау облысы Ішкі саясат бас­қар­масы Азаматтық орталық КММ-нің жа­нынан құрылған Волонтерлер штабы бірнеше бағыт бойынша қызмет атқа­рады.

Кез келген атыраулық еріктілердің қата­рына қосылып, төменде көрсетілген алты бағыт бойынша жұмыс істей алады: авто-волонтерлер (тұрғындарға азық-түлік, дәрі-дәрмек таратуға кө­мек); медицина волонтерлері (жедел-жәрдем қызметкерлеріне көмек); мониторинг жүргізетін волонтерлер (азық-түлік бағаларына мониторинг жасауға көмек); рейдке шығатын волонтерлер (полиция қызметкерлеріне көмек); волонтер тігіншілер (бірнеше мәрте пайдалануға болатын маскаларды тігуге көмек); кулинар-волонтерлер (бе­кеттегі қызметкерлерге және мед­бике­лер мен дәрігерлерге ыстық бөл­ке­лер жет­кізуге көмек).

Волон­терлер штабы эста­фета бас­тап, он күнге жуық уақытта 2 млн тең­ге­­ден астам қаражат жинады. Эста­­фе­­таға республикамыздың барлық ай­мақ­­тарынан атсалысты. Жиналған қар­жыға егде тартқан қарттарға, мүм­кін­дігі шектеулі жандарға, көп балалы және жалғызбасты аналарға, жалпы 207 отбасыға азық-түлік себетін тарат­ты. Азық-түліктің бір себеті 13 600 теңге­ден 14 800 теңгеге дейінгі шамада алынған. Атыраулық кәсіпкерлер Бауыржан Кенжеғалиев пен Гусейн Ибра­гимов тағы 100 отбасыға азық-түлік­пен көмектесті. 77 отбасы ком­па­ния­­лар тарапынан жәрдем алды. «Тех­но­­сервис» ЖШС 50 отбасына антисептик таратты.

Волонтер тігіншілер бірнеше мәрте пай­далануға арналған 12 269 маска тікті. Бұдан бөлек католик шіркеуінің во­лонтерлері 132 маска тігіп берді.

Мониторинг жүргізетін волонтерлер аудандарға бөлініп, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізе бас­та­ды. Әрқайсысы дүкендерді, супер­мар­кеттерді аптасына үш рет аралап шығады. Бағалар кестесін қалалық кә­сіп­керлер бөліміне жіберіп отырады.

Волонтерлер штабында 100-ге жу­ық волонтер бар. Олар бес бағыт бо­­йынша көмектеседі. Волонтерлер – 30-55 аралығындағы қала тұрғындары. Олар­дың арасында таксишілер, компания қызметкерлері, үй шаруасындағы адам­дар, вахтада жұмыс істеген азамат­тар да бар.

 

Эльвира АРАЛОВА,

«Самға жүре­гім» қоғамдық бірлес­ті­гі­нің жетекшісі:

– Біз аптасына 3 рет супермаркеттер, базарлардағы бағаны бақылаймыз. Ша­ғымдануға еш себеп жоқ. Баға айыр­ма­шылығын байқамадық.

Бұдан бөлек рейдке шығып, вокзал маңындағы аудандарды тексердік. Маска тақпаған, медициналық қолғап ки­меген адамдарды кездестірдік. Бар­лы­ғына ескерту жасалды. Адамдар әлі де сақтық шараларына салғырт қа­райды. Осы орайда аса қажеттілік бол­ма­са, тұрғындардың үйде отырғаны абзал екенін тағы бір ескерткіміз ке­ле­ді. Ал далаға шыққан жағдайда маска және медициналық қолғап киюі керектігін ұмытпаса дейміз. Сол кезде ғана біз қауіптің, індеттің алдын аламыз.

 

Әйгерім ДОСҚАЛИЕВА,

Аза­мат­тық орталықтың директоры:

– Он күнге жуық уақытта біздің қор­да­ғы қаражат 2 млн теңгеден асты. Жи­налған қаражатқа 384 мұқтаж от­ба­­сыға азық-түлік сатып алынды. Жер­гілікті қайырымды жандарға да алғы­сымызды білдіреміз. Алла разы бол­сын!

Волонтерлер 5 бағыт бойынша жұ­мыс істеп жатыр. Жақында алтыншы бағытты қостық. Олар – кулинар-волонтерлер. Яғни олар бекетте тұр­ған қызметкерлер мен дәрігерлерге ыстық бөлке пісіріп жеткізеді. Алдағы уа­қыт­та ыстық тағаммен қамтамасыз ету де ойы­мызда бар. Волонтерлердің бар­лы­ғы да 30-55 жас аралығындағы қала тұрғындары.

Сонымен қатар Атырау облысы По­ли­ция департаментінің басшысы Хамза Үмбетқалиев мырзаға біздің волонтерлерге арнайы тігілген формалар бергені үшін алғыс білдіргім келеді.

 

Алмагүл ҒАЛЫМЖАНОВА,

қала тұрғыны:

– Аз қамтылған, жалғызбасты, көп балалы аналарға, қарттарға қолұшын созғандары үшін Атырау қа­ла­сы­ның волонтерлеріне көп рахмет! Бір-бірімізге осылай қолдау көрсету арқы­лы бірлігі жарасқан ел екенімізді көрсете алдық деп ойлаймын. Ниеттеріңіз Алладан қайтсын!

 

Гүлназ ҚОСМУРЗИЕВА,

волонтер

 

Атырау