Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Жетісу вольфрамы» серіктестігінің құрылғанына көп уақыт болған жоқ. Кен өндіруді қолға алған жобаға 250 млн АҚШ доллары шамасында инвестиция тартылған. Қазір төрт жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Компанияның әлеуметтік жауапкершілігі де жоғары. Қайырымдылық шарасына жиі қатысып жүр.Жұқпалы індет хабары шыққалы бері серіктестік тұрғындарды қолдауға белсене кірісті. Мәселен, соңғы айларда медициналық маскамен қамту ісін қолға алған. Бұған дейін коронавируспен күрес шаралары үшін Қазақстанға жалпы саны 220 мың данадан астам бір реттік пайдаланатын медициналық маска тегін берілді. Ал кеше «Жетісу вольфрамы» Қытайдағы бизнес-серіктестерімен бірге гуманитарлық көмек ретінде Алматы облысының әкімдігіне 60 мың дана бетперде тапсырды.
«Жетісу Вольфрамы» ЖШС атқарушы директоры Назар Терлыга медициналық масканы жеткізу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің, сол сияқты Қызыл жарты ай қоғамының тікелей қолдауымен жүзеге асырылғанын айтты:
- Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қазіргі қиын жағдайда біз әлеуметтік жауапкершіліктің ең жоғарғы принциптерін берік ұстанамыз. «Жетісу Вольфрамы» ЖШС өзінің стратегиялық серіктестерінің бірі «Jiangxi Cooper Corporation» корпорациясымен бірге Қазақстанның Қызыл жарты ай жедел қызметі арқылы зор көмек көрсетуде. Гуманитарлық көмек көрсету - жалпы жұмысымыздың ең маңызды бөліі, - дейді «Jiaxin International Resources Investment Co.Ltd» корпорациясының вице-президенті, «Жетісу Вольфрамы» ЖШС атқарушы директоры Назар Терлыга.