• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Сәуір, 2020

Facebook үндістандық Jio Platforms Ltd компаниясы акциясының 10%-ын сатып алды

163 рет
көрсетілді

«Facebook Inc. Jio Platforms Ltd үнді телекоммуникациялық компаниясының 9,9% үлесін  5,7 млрд долларға сатып алды»  деп жазады «Интерфакс-Қазақстан».

Келісім «Үндістанға деген адалдығымызды,  Jio бастаған радикалды қайта құруларға деген қызығушылығымызды көрсетеді» деп жазды Facebook өкілі  Дэвид Фишер мен  Jio Platforms Ltd  компаниясының  басқарушы директор Аджит Мохан әлеуметтік желідегі блогында.

Олардың айтуынша, Jio-мен ынтымақтастық - «дамып жатқан цифрлық экономика жағдайында адамдар мен компаниялар арасында интеграцияның жаңа мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Атап айтқанда, компаниялар Үндістанда 400 миллионнан астам пайдаланушысы бар Facebook-қа тиесілі WhatsApp  мен  Jio бастаған JioMart электрондық коммерция платформасын біріктіруді көздейді.

Сонымен қатар, Facebook елде WhatsApp арқылы төлем жасау функциясын іске қосуға дайындалып жатыр.