Кеше түнгі 23.00 шамасында Жітіқара қаласында 1974 жылы туған әйелден індет анықталды. Бүгін Қостанай қаласында 55 жастағы тағы бір ер адамнан індет анықталғаны белгілі болып отыр.
«Қалалық ауруханада емделушілерді профилактикалық тексеру аясында коронавирустық инфекцияны жұқтырған бір науқас анықталды. Ер кісі практология бөлімінде емделіп жатқан. Қазіргі уақытта тиісті эпидемиялық іс-шаралар жүргізілді. Науқаспен байланысқан барлық адамдарға карантиндік шара қолданылды.
Ер адам жеке үйде тұрады, жұмыс істемейді. Індет ошағына залалсыздандырылды. Науқас Рудный қалалық ауруханасының инфекциялық бөліміне ауыстырылады», - деп мәлімдеді өңірлік жедел ақпарат шатабы.
Жалпы 23 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 36-ға жетіп отыр.
Қостанай облысы