Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемді таза әрі қауіпсіз күйінде сақтап қалуға шақырды. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.
«Халықаралық Жер күнінде планетаны қоршаған ортаның ластануынан құтқару үшін бірігуіміз керек. COVID-19 біздің жауапсыздығымызды, табиғатқа ұқыпсыз қарайтынымызды көрсетті. Ұрпағымыз үшін осы әлемді таза әрі қауіпсіз күйінде сақтап қалайық», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.