• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Сәуір, 2020

АҚШ Қазақстанға коронавируспен күреске 800 мың доллар көмек берді

478 рет
көрсетілді

Америка корoнавируспен күреске Қазақстанға қосымша 348 миллион теңге көлемінде қаражат бөлді.

Американың Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен Консулдығының мәліметтеріне сүйенсек, ооңғы 20 жыл ішінде Америка Құрама Штаттары Қазақстанға 2 миллиард доллар көлемінде көмек көрсеткен. Оның 86 миллион доллардан астамы медицина саласына бағытталған.  

«Қазақстан вирустың таралуын тоқтату үшін батыл шаралар қабылдауда. COVID-19-ға қарсы күресте АҚШ үкіметі Қазақстанды және әлемдегі басқа серіктестерді қолдайды», - деген АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер халықаралық қауымдастық ретінде күш-жігерді біріктіруге, карантин режімін сақтай отырып, үкіметтің нұсқауларын орындау арқылы індетті жоюға үлес қоса аламыз деп атап өтті.

АҚШ соңғы онжылдықтар ішінде әлемдегі денсаулық сақтау саласына екіжақты көмек көрсететін әлемдегі ең ірі компания ретінде белгілі бола отырып,  2009 жылдан бастап медициналық көмекке 100 миллиард доллардан астам және гуманитарлық көмекке 70 миллиард долларға жуық қаражат бөлді. Бүгінде жұқпалы аурудың қаупі барлық аймақтарда жоғары екендігін басшылыққа ала отырып,  Америка Құрама Штаттары басқа донорларды COVID-19 вирусына қарсы жаһандық күш-жігерге жұмылдырып отыр.

Ауруларды бақылау орталықтары мен ЮСАИД-тің мамандары тәжірибе алмасуды және COVID-19 індетімен күресу үшін қазақстандық мамандармен күн сайын тығыз жұмыстарын жалғастыруда. USAID Қазақстанға осы індетпен күресу үшін өзінің мүмкіндіктерін нығайтуға және келесі басым бағыттарды қолдай отырып, инфекциялардың алдын алу және бақылау, зертханалық жүйелерді сынақтарға дайындау мен вирустың таралуының алдын алуға байланысты ақапараттық бағыттағы жұмыстарды жандандыруды мақсат етеді.