• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2020

Атырау: Фермерлер медицина қызметкерлерін таза өніммен қамтиды

291 рет
көрсетілді

Бүгін өңір фермерлері «Дәрігерлерге – шаруагерлерден» қайырымдылық акциясын бастады.

«Қазақстан фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы Мұрат Сармановтың мәліметіне сүйенсек,  акцияның басты мақсаты – ақ халатты абзал жандарды табиғи таза өніммен қамту, қолдау көрсетіп, демеу болу. Осы мақсатты көздеген өңір фермерлері аталған акцияға белсенділікмен қатысуда.

– Мәселен, «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің   төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Сабыржан Сұлтанов 1 миллион теңгеге бағаланған 15 қойдың етін жіберді.  Оны әр ауруханада жұмыс істейтін, сондай-ақ,  оқшауланған медицина қызметкерлеріне беріп жатырмыз, -дейді Мұрат Сарманов. –Жылыой ауданының шаруагерлері  175 литр шұбат пен 67 литр  қаймақ, 1,5 тонна көкөніс, дәрімені мол жеміс өнімдерін ұсынды. Фермерлер тарапынан ұйымдастырылған көмектің алғашқы легі Атырау қаласындағы барлық медицина ұжымына, сондай-ақ,   карантинге оқшауланған медицина қызметкерлеріне, Сәбилер үйіне жеткізілді. Өнімнің бәрі – табиғи. Бұл  қазіргі қиын шақта ақ халаттыларға қуат береді деп сенеміз.

Оның айтуынша, «Дәрігерлерге –шаруагерлерден» қайырымдылық акциясы  карантин аяқталғанға дейін жалғасады. Фермерлер апта сайын медицина қызметкерлерін табиғи әрі таза   өнімдермен қамтамасыз етуді көздеп отыр.