Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло карантин талаптарына бірқатар өзгерістер енгізді. Енді облыс тұрғындарына түнгі сағат 22.00-ден бастап таңғы сағат 06.00-ге дейін көшеге шығуға болмайды. Қалған уақытта жақын маңайдағы дәріханаға барып дәрі сатып алуға, медициналық көмекке жүгінуге немесе жұмысқа баруға рұқсат етілді.
Бұған дейін көшеге бетпердесіз шығуға тыйым салынған еді. Бүгіннен бастап талап сәл жеңілдетілген сыңайлы. Енді тұрғындарға тек көпшілік ортада, қоғамдық орындар мен жұмыста6 жабық ғимарат ішінде ғана маска тағып жүру міндеттелді.
Үй карантинінде отырған азаматтар «Мен үй карантиніндемін» қызметі қосылған «SmartQOSTANAI» мобильдік қосымшасын орнатуы тиіс.
Сондай-ақ, облыста төтенше жағдай режімі аясында жұмыс істеуге құқылы мекемелер тізімі кеңейтілді. Бұл тізімге коммуникация желілері мен техникалық қолдау қызметінің мамандары, бірінші кезекте қажет азық-түлік емес заттар мен құрылыс материалдарын, металл бұйымдарын сататын көтерме сауда орындары еніп отыр. Орман шаруашылығы инспекциясы, ветеринарлық бақылау органдары, жеке сот орындаушылар палатасы мен әділет департаменті де жұмысын тоқтатпайды.
Қостанай облысы