• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Сәуір, 2020

Ірі компаниялар карантиннен кейін кеңселерінен бас тартады

211 рет
көрсетілді

Oracle, Okta және басқалары сияқты ірі технологиялық компаниялар тұрақты кеңселердің қажеттілігі туралы ойлады. Тәжірибе көрсеткендей, кеңсе жұмысшылары үйде жұмыс істеудің тиімді екенін айтып жатыр. Бұл туралы компания басшылары «Business Insider» басымына берген сұхбатында айтыпты. Бұл ақпаратты   vc.ru порталы жариялады.  Нәтижесінде жаңа бизнес-модель пайда болуы мүмкін - бұл WeWork коворкинг моделіне балама болады немесе хоум кеңсе WeWork коворкинг моделімен қатар дамиды. 

Американдық Oracle бағдарламалар жасайтын  компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Ларри Эллисон YouTube және Zoom арқылы өткен  бейнеконференциялардың сапасына ризашылық білдірді.  «Компаниялар  ешқашан бетпе-бет кездесулерге оралмайды. Бұл жеке бас қауіпсіздігі үшін де, қаржы үнемдеу үшін де тиімді. Компанияның табысының 15-20 пайызы кеңсені жалдауға немесе коммунальдық шығыңдарға кетеді. WeWork коворкинг жүйесі қаржыны үнемдеуге мүмкіндік бергендіктен, бұл ұсыныстан алпауыт компаниялардың өздері бас тарта алмайды. Мен оған сенемін», дейді Ларри Эллисон.

Еске сала кетейік,  Oracle компанияда 136 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.Әлемнің 17 елінде филиалы бар.

«Егер әркім үйде жұмыс істей алатын болса, онда үлкен кеңселердің не қажеті бар. Мүмкін, кеңсенің жал ақысы немесе коммунальдық төлемдердің шығандарын қызметкерлеріміздің айлық жалақысын жұмсаудың кезі келген шығар. Қазіргідей ақпаратты технологиялардың заманында кеңсе жалдап, басы артық шығынға жол беру тым ақылды шешім емес», депті  техникалық қолдау қызметтерін ұсынушы SAP Римини компаниясының Бас директоры Сет Равен.

Оның компаниясы Лас-Вегаста орналасқан және бүкіл әлемде 30 кеңсесі бар.

Равеннің ұстанымын Okta қолданушысының тіркелу деректерін басқару қызметтерінің бас директоры Тодд МакКиннон да қолдады.

Окта  компаниясында  2 248 адам жұмыс істейді. Олардың көпшілігі Сан-Францискодағы бас кеңседе, қалғаны – басқа елдердің 12 кеңсесінде орналасқан. «Біз осыған  кеңселер аумағын ұлғайтуды жоспарладық. Кеңсеміздің көптігінен қызметкеріміздің  тиісті деңгейде жалақысын көтеруге мүмкіндік бола бермеді. Қашықтан жұмыс істеу бізге бар жоғары 10 шақты шаршы метр кеңсе де қажетімізді өтейтінін көрсетті, ал бизнес келісімшарттары үшін коворкинг те жетеді. Себебі кез келген компания ірі келісімшарттарға күн сайын қол қоя бермейді»,  деді МакКиннон.

Біз осыған дейін Қазақстанда да  карантиннен кейін хоум кеңсе сұранысқа ие болатынын, кейбір  мемлекеттік корпорация­лардың осы үрдіске  кезең-кезеңмен көшуді жоспарлап жатқанын жазғанбыз.

Қазақстандық сарапшылар коворкинг бизнесі бұған дейін де пайда болғанын айтады. Алматы мен Нұр-Сұлтанда кеңсе жалдаудың бағасы қымбат.  Сол себепті ШОБ өкілдері қазақстандық немесе шетелдік әріптестеріммен келісімшартқақол қою үшін коворкингтің тиімділігіне басымдық бере бастаған.

АЛМАТЫ