• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2013

Судья оқшаулағышқа қамалды

260 рет
көрсетілді

 Алматы қалалық кассациялық сот алқасының шешімімен қалалық апелляциялық сот алқасының судьясы Күлпаш Өтемісова уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

 

Алматы қалалық кассациялық сот алқасының шешімімен қалалық апелляциялық сот алқасының судьясы Күлпаш Өтемісова уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылдың наурыз айында Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіруді ұйымдастырғаны және атыс қаруын, оқ-дәрілерді сақтағаны үшін А.Су­тя­гинскийдің мүлкін тәркілеп, 12 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Осы істі қайта қараған Алматы қа­лалық апелляциялық сот алқасының судьясы К. Өтемісова сотталушының атыс қаруын, оқ-дәрілерді заңсыз сақ­тамағанына «жалған» дәлел кел­тіріп, оны шартты түрде 6 жылға бас бос­­тан­дығынан айыруға үкім шыға­рыпты.

Артынша осы шаһардағы кас­­са­циялық сот алқасы К.Өтемісованың заңға қайшы келетін үкім шы­ғар­ғанын анықтап берді. Мұның соңын ала қыл­мыстық жауапкершіліктен оңай құтылып, қашып кеткен А.А.Сутя­гинскийге іздеу жарияланды. Ал оған шектен тыс «жұмсақтық» танытып, айыпталушының қашып кетуіне жол берген судьяның үстінен енді қыл­мыстық іс қозғалатын түрі бар.

Данияр ТҮЙМЕБАЙ.

Соңғы жаңалықтар