• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2020

Атырау: Облыстық аурухананың медбикесі коронавирустан жазылды

286 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, бүгін, 23 сәуірде  Атырау облысында коронавирустан тағы екі адам жазылып шықты. 

Аурудан айыққандардың бірі – облыстық аурухананың 37 жастағы медбикесі, екіншісі – 18 жастағы жергілікті тұрғын.  Екеуіне жасалған ем-шарадан соң, тест  нәтижесі Covid-19 жоқ екенін көрсеткен. Қазір екеуі де инфекциялық стационардан шығарылды.

Сондай-ақ 23 сәуір, сағат 13.00-дегі  мәліметке сәйкес, инфекциялық стационарда  коронавирус жұқтырған 51 науқас емделуде. Ал,  провизорлық стационарда  ЖРВИ белгілері бар 16 адам, карантиндік стационарда  103 жергілікті тұрғын бар. Сондай-ақ  2843 адам үй карантинінде жатыр.