• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Сәуір, 2020

Биыл 10 000 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

415 рет
көрсетілді

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша республика бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй (150 мың тұрғынжай), оның ішінде мемлекеттік инвестициясы  есебінен 2,1 млн шаршы метр (37179 тұрғынжай) әлеуметтік және кредиттік тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Статистика комитетінің алдын ала деректері бойынша 2020 жылғы  қаңтар-наурыз аралығында қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 282,9 млрд теңге инвестиция жұмсалды немесе 2019 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 16,3% құрайды. 

Жалпы алаңы 2 641, 628 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 96,4%-ды құрады.

Барлығы республика бойынша 21 069 бірлік тұрғын үй, оның ішінде 9 969 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, сатып алу мүмкіндігісіз жалға берілетін тұрғын үй салуға (сатып алуға) республикалық бюджеттен 90 млрд теңге сомасына қаражат бөлінді.

2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әкімдіктерге 4,8 млрд теңге аударылып, бұл қаражаттың 4,7 млрд теңгесі немесе 97,8%-ы игерілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй құрылысына 34 млрд теңге бөлінбек. Бұл тағы 4 000 отбасын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 10 000 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жыл соңына дейін 3 000 жұмыс істейтін жастарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 14,4 млрд теңге бөлу жоспарлануда.