Әлемге әйгілі Reuters агенттігі тілшілерінің 18 ай бойы жүргізген журналистік зерттеулері осындай тұжырымға тоқтам жасатты. Олар мұны асырап алған балалары өздерінің көңілдерінен шыға қоймаған бірқатар өкіл ата-аналар онлайн-топтарының халықаралық Yahoo Groups және Facebook әлеуметтік интернет-желілерінің америкалық секторындағы іс-әрекеттерін қадағалау арқылы анықтап отыр.

Мұндай ата-аналар интернет пайдаланушылардың жабық форумдарында шамамен: «Біз Ресейден (мұның Қытай, Қазақстан, Камбоджа деген нұсқалары да бар) бір қыз асырап алып едік, бірақ, өкінішке қарай, онда неврологиялық проблемалар бар екен. Өтінеміз, соны басқа отбасыларына ауыстырып беруге көмектесіңіздерші», деген мазмұндағы хабарландыруларды жариялап тұратын болып шықты. Америкадағы бала асырап алушылардың арасында кейде өз мүмкіндіктерін дұрыс есептемей, бірнеше бала асырап алғандарынан туындап отырған қиындықтарды жеңудің мүмкін болмай бара жатқанына шағынатындар да кездеседі. Бұлар да «артық баланы» алғысы келетін адамдарды іздестіреді. Алайда, олар бұл тірліктерінің бәрін заңның араласуынсыз, ешбір ың-шыңсыз, жұрт көзінен тасада атқарғылары келеді.
Журналистер тек Yahoo Groups әлеуметтік желісінің бір тобының өзінен осындай 5029 хабарламаны зерттей келіп, мұндағы әңгімелердің кейбір ата-аналардың асырап алған балаларын басқа отбасыларына өткізулерімен ғана шектеліп қалмай, көп жағдайда олардың өздерін «әбден жалықтырған» немесе «артық болып шыққан» жасөспірімді басқа біреулерге тікелей сатуға шығарулары туралы болып отыратынына көз жеткізген. Тексеру сондай-ақ мұндай қақпақылға ұшырайтын сәбилердің көбіне-көп Ресейден, Украинадан, Қазақстаннан, Африка елдері мен Қытайдан әкелінгендер арасынан шығатынын да көрсетіп берген.
Міне, осы жайлардың өзі бізге шетелдіктерге асырауға бала беру жайына қайта оралып, оған қатаң қарауды немесе тоқтатуды талап етсе керек.
Сұлтан БОЗАЙҒЫР.