Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласының 2 тұрғыны төтенше жағдай кезінде күшейтілген карантин режімін бұзып, көліктерімен адам тасымалдаумен айналысқан.
«Деструктивті діни ағымды ұстанушы екі азаматтың бірі бұрын тонау және ұрлық қылмысымен сотталған. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476-бабымен хаттамалар толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Атырауда төтенше жағдай енгізілгеннен бері 779 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 478-бабын (Төтенше жағдай режимі кезінде полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау) бұзған 28 тұлға бар.