• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2020

Бейбіт күннің батыры

7636 рет
көрсетілді

«Батырлар тек соғыста ғана танылады» деген бекер... Батырлық – тек атойлап атқа мініп, жауға шабу емес. Бейбіт заманда да ерліктің білекте емес, жүректе екенін өмірде орын алған оқыс оқиғаларда қара басын қатерге тігіп, адамды ажал аузынан арашалап қалған қаһармандар дәлелдеп жүр. Бейбіт заманда да небір ерлік жасалады. Өмір мен өлім қатар келген қас-қағым сәтте әрбір адамның бойында болатын қорқынышты жеңіп, жанкешті әрекеттерге барған талай ержүрек азамат  бар қазақта.  Олардың ерлігі – елге мұра, ұрпаққа – үлгі...
21 сәуір күні күндізгі сағат 16:15 шамасында Ырғыз  аудандық жедел жәрдем кезекшілік бөлімшесіне бір баланың суға ағып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түседі. Бірақ,  оқиға орнына құтқарушылар келгенше көршісі 5 жасар баланы судан шығарып алып, көмек көрсетеді.  Оқиға орнына лезде жеткен 19 жастағы Нұржан ағысы қатты судан баланы аман алып қалды.    - Көше жақта көлікпен келе жатқан болатынмын. Өзен жағасынан өтіп бара жатқанда қол бұлғап шақырып,  көмек сұраған дауысты естідім. Оқиға орнына жеткен кезде көршімнің 5 жасар немере ұлы батып бара жатқанын байқадым.  Бар ойым баланы аман алып қалу болды. Мен оны құтқаруға келгенде баланы жағадан 7 метр, тереңдігі 2 метрге дейін алып кеткен. Баланың ағып бара жатқан жағына қарай алдынан шығып ұстап қалу үшін, барымды салып жүзе бастадым. Осылайша баланы құтқарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жасанды тыныс алу әдісін жасадым. Кеуде тұсынан басып, дем алуына көмектестім. Бастысы бала аман!, - дейді Нұржан.   Көп кешікпей құтқарушылар жасағы да, жедел жәрдем де жеткен. Жасөспірімді судан алып шыққаннан соң дәрігерлер оны бірден Ырғыз аудандық орталық ауруханасына жеткізген.   Өз кезегінде балаларын аман алып қалған студентке жасөспірімнің ата-анасы шынайы алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірген.   Айта кетейік,  Рашид Нұржан - Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылының тумасы. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің техникалық факультетінің «Құрылыс» мамандығының 2-курсында оқиды.    - Өз әрекетімді ерекше ерлік деп ойламаймын. Менің орнымда болған кез келген адам осылай жасар еді,  - дейді ол.   Оның ерлігі назардан тыс қалмақ емес. Ырғыз ауданының басшылығы жас жігітке батылдығы мен өжеттігі үшін алғыс айтты. Аталған оқу ордасының басшылығы да Нұржанның ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуы тиіс екенін айтып,  батырды марапаттауды ұйғарып отыр.