Байқоңыр ғарыш айлағынан көкке көтерілуі тиіс «Астра 2 Е» серігі бар «Протон-М» зымыран тасымалдағышынан техникалық ақау анықталып, оның ұшырылымы кейінге шегерілді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
Жергілікті жерде орналасқан Хруничев атындағы ғарыш орталығының мамандары кезекті ұшырылымға әзірленген «Протон-М» зымыраны бойындағы кейбір көрсеткіштердің шамадан артып кеткенін мәлімдеп отыр. Осыған орай зымырын толық тексеруден өткізілетін болып ұйғарылды. Алдыңғы зымыранның сәтсіздікке ұшырауынан сабақ алмаған мамандардың бұл қателігі еш ақтауға жатпайтын әрекет.
Данияр Түймебай.