• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 23 Сәуір, 2020

Huawei бизнес нәтижелерін жариялады

3185 рет
көрсетілді

Huawei осы жылдың бірінші тоқсанындағы бизнес нәтижелерін жариялап, 182,2 млрд юань табыс тапқандығын мәлімдеді. Компания табысы өткен жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға көбейген.

Компанияның таза пайдасы 2020 жылдың бірінші тоқсанында 7,3% құрады. Бүкіл әлемде COVID-19дың таралуына байланысты, Huawei өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын-ала шаралар қолданды. Компания және оның жабдықтаушылар желісі өндірісті, жұмыс барысын қалпына келтірудің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуде. Huawei - бизнесі әдеттегідей жалғасын табуда. Биылғы жылдың нәтижесі осының дәлелі.

Бұл денсаулық сақтау дағдарысы кезіндегі кез келген саладағы адамдар үшін байланыс желілірінің мәні ерекше. Сондықтан желінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету аса маңызды. Huawei байланыс операторлары үшін желінің тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету жолында қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Адамдардың күнделікті қажеттіліктері үшін телекоммуникация, қашықтықтан оқыту және электронды коммерцияға ауысқан кезде әлеуметтік қашықтықтан туындаған желілік сұранысты қанағаттандыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Індет басталғаннан бері Huawei және оның серіктестері 5G- және AI-жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін көптеген медициналық қосымшаларды тез арада іске қосты. Компания коммуникациялық технологиялар саласындағы тәжірибесін пандемиямен күресуге және адамдардың өмірін сақтап қалуға қолданамыз. Жасанды интеллект көмегімен коронавирусты диагностикалау шешімі компьютерлік томографияны талдауды 12 минуттан 2 минутқа қысқартады. Бұл дәрігерлерге диагностикалық тиімділікті арттыруға көмектеседі. 5G мүмкіндігі бар қашықтан бейне-кеңес беру мамандарының жетіспеушілігін азайтуға көмектеседі және ауыр жағдайдағы науқастарды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін арттырады. Жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін жылу бейнелеу құрылғылары температураны өлшеп, қоғамдық жерлерде инфекцияның таралуының алдын-алу және бақылау тиімділігін арттырады.