• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2013

Ауғанстандағы АҚШ консулдығына шабуыл жасалды

200 рет
көрсетілді

Бүгін террористер тобы Ауғанстанның солтүстік-батысында орналасқан Герат қаласындағы АҚШ консулдығына шабуыл жасады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, мекеме жанында миналанған автокөлік жарылған. Артынан содырлар мен жанкештілер ғимаратқа кіріп, оны жаулап алмақ болған. Ауған құқық қорғау органдарының дерегіне сүйенсек, әзірге бір лаңкес пен екі күзетшінің қаза тапқаны белгілі болып отыр. Кем дегенде он адам, оның ішінде бейбіт тұрғындар жарақат алған. Бірнеше ғимаратқа зақым келтірілген көрінеді.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар