• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Парламент 23 Сәуір, 2020

Сенатта атом энергиясын тиімді пайдалану мәселесі қаралды

296 рет
көрсетілді

Парламент Сенатында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша  өзгеріс  пен  толықтырулар  енгізу  туралы» заң  жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Заң жобасымен «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» және «Атом энергиясын пайдалану туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Құжаттың мақсаты – атом өнеркәсібі саласындағы ұлттық заңнаманы Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 10 ақпанда ратификациялаған 1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының ережелеріне сәйкес келтіру жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін іске асыру және еліміздегі атом өнеркәсібін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

 Қазіргі уақытта еліміздің ұлттық заңнамасында Вена конвенциясының ережелерін қолдану регламенттелмеген, ядролық қондырғы операторының жауапкершілігін шектеу белгіленбеген және ядролық оқыс оқиға туындаған жағдайда қаржылық қамтамасыз ету және сақтандыру мәселелері реттелмеген.

Бұл заң жобасы бірқатар мәселелерді құқықтық тұрғыдан реттеуге ықпал етеді. Яғни радиациялық қауіптілік санатына қарай, ядролық қондырғы операторының келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылығының шектерін белгілеу, ядролық қондырғы операторының келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылығын қаржылық қамтамасыз ету, ядролық қондырғы операторының келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру, талап қоюдың ескіру мерзімі мен регрестік талап қоюды ұсыну жөніндегі мәселелерді құқықтық реттеуді көздейді.

Заң жобасы қабылданғанда 1997 жылғы Ядролық нұқсан үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының ережелерін сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін іске асыру қамтамасыз етіледі, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудың белгілі бір түрлерін пайдалану нәтижесінде туындайтын нұқсаннан қаржылық қорғау және атом саласына инвестиция тарту және оны дамыту нәтижесі күтіледі.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.