• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Сәуір, 2020

Екібастұздың электр стансаларында COVID-19 анықталды

220 рет
көрсетілді

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикасы компаниясының Екібастұз қаласындағы үш қызметкерінің коронавирус инфекциясымен (КВИ) ауырғаны анықталды. Қаладағы «Богатырь Комир» ЖШС, «Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның өндірістік бөлімшелеріндегі қызметкерлерге COVID-19 инфекциясын жұқтырған деген диагноз қойылды.

«Богатырь Комир» ЖШС жұмыскері ЖРВИ (ОРВИ) диагнозымен ауырып уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыста болмаған, кейіннен ол қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды.

ЭГРЭС-1 жұмыскері өткен демалыста температурасы көтеріліп, өзін жайсыз сезінгеннен кейін қаладағы орталық ауруханаға келген. Бұл жұмыскердің 2020.04.21 бастап Екібастұз қаласының КВИ науқасы расталған тұрғынымен тығыз қатынаста болуы себепті карантинге жатқызылған.

ЭГРЭС-2 жұмыскері ауысымнан кейін өзін әлсіз сезініп, жедел жәрдем шақырған, сол жерде дәрігерлер оның КВИ жұқтырған туысқанымен байланыста болғанын анықтапты.

Қазіргі уақытта инфекция жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы анықталды, КВИ науқасы расталған барлық кәсіпорындар Екібастұз қаласының СЭС мекемесімен және қалалық ауруханамен бірігіп жұмыс жасауда, жұмыс орындарына ждәне жұмыскерлерді тасымалдайтын автобустардың барлығына жедел санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Компаниялардағы жедел әрекет ету штабы КВИ науқасының алдын алу және таралмауы үшін барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты барлық Екібастұз энергия кешендері штаттық режімде жұмыс істеуде және электр энергиясын жеткізу мен көмір тиеу-тасу жұмыстарына қатысты өз міндеттемелерін толық көлемде орындауда. Мәселен, 2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша ЭГРЭС-1 кәсіпорнында 6,3 млрд кВтс электр энергиясы өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 136% көрсеткішті, ал «Богатырь Комир» ЖШС кесігінен 15,2 млн тонна көмір жөнелтіліп, өткен жылғы осы кезеңіне қарағанда 102% нәтижені көрсетіп отыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы науқастанған жұмыскерлердің тез арада айығып, ортамызға қосылуына тілектестік білдіріп, азаматтарға карантин талаптарын қатаң қадағалау қажеттігін естеріне салады.