Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті өтті
Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстың барлық өңірінде қалыптасқан жалпы қауіпті ахуал жаһандық тұрақтылыққа төнген қатер болып табылады және ШЫҰ жауапкершілігі аумағындағы жағдайға теріс ықпалын тигізеді.
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.
Кеше Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті өтті. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Елбасының сапары мен екіжақты кездесулерін шетелдік БАҚ өкілдері барынша ықыласты насихаттады. Ал биыл бірқатар айтулы шараларды атқарған қырғыз елінде қабылданған Бішкек декларациясы қандай мәселеде болсын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мәмілесі бір екендігін іс жүзінде паш етті.

Саммитке ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов қатысты. Сонымен қатар, Кеңеске ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие мемлекеттердің және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері келді.
Бүгінгідей алмағайып заманда аймақтағы қауіпсіздіктің ең көкейкесті тақырыпқа айналғаны қашан?! Осы тұрғыдан келгенде, көңілі алаң жұртшылық Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастық алдында беделі зор, азуын көрсете алатын өзіндік алпауыттары бар құрылымға қалай иек артпасын. Оның үстіне өзімен өзгелерді санастыра алатын ШЫҰ мемлекеттеріне алты бірдей ел бақылаушы ретінде бар ісіне араласып, оның ықпалын арттыруға мүдделі екендіктерін ашық білдіріп, қызметін жандандыруға септесіп отыр.
Өңірдегі тұрақтылық – өсіп-өркендеу кепілі
Сонымен, саммиттің регламенті бойынша төрағалық етуші елдің басшысы А.Атамбаев алғашқы сөзді Қазақстан Республикасының Президентіне берді. Ал Кеңестің шағын құрамда өткен отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұйым бойынша серіктестерге ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясын әзірлеу идеясын қолдағандары үшін ризашылық білдірді. Ол аталған құжаттың негізін ШЫҰ форумы мен тараптардың жетекші сарапшыларын тарта отырып дайындау қажеттігін, Ұйым қызметінің негізгі бағыттарының теңдестірілген қағидаттары орын алуы тиіс екенін атап өтті. Қазақстан Президенті ШЫҰ Бас хатшысының рөлін және Ұйым Хатшылығы қызметінің тиімділігін арттыру қажеттігін көлденең тартты.
Кеңестің кеңейтілген құрамда өткен отырысы аясында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ кеңістігіндегі және іргелес өңірлердегі тұрақтылық бейбітшілік пен өсіп-өркендеудің кепілі болып саналатынын атап көрсетті. Мемлекет басшысы өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті проблемасының бірі ретінде жаңа тарихи кезеңге енетін Ауғанстандағы жағдайды атады.
– Кабулге ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесін ұсыну туралы шешім іс жүзіндегі экономикалық қадаммен қуатталуы қажет деп санаймын, – деді Н.Назарбаев.
Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы жағда