Бүгін, Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырған 11 науқас жазылып шықты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бұлардың бәрі де Қарағанды қаласының тұрғындары.
Науқастар толық емдеу курсынан өтті және теріс нәтиже көрсеткен екі ПТР-талдаудан кейін үй карантиніне шығарылды.
Бүгінгі күнде Қарағанды облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандардың саны 30 адамға жетті.