• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Пара алған полицей қызметінен қуылды

472 рет
көрсетілді

Қостанай ауданының жергілікті полиция қызметкері 17 сәуір күні жол ережесін бұзған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 20 мың теңге пара алған.  

- Пара алған полицейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен полиция департаментінің  ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері  ұстады. Оған қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде  қызметінен босатылып отыр. Оның тікелей басшылары да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлерінің заңға қайшы әрекетіне куә болған тұрғындардың 54-42-47 нөмірлі сенім телефонына немесе 8-707-715-44-24 нөміріне шағымдануын сұраймыз, - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.