• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирустың тағы 9 жағдайы тіркелді

616 рет
көрсетілді

Бүгін Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы да 9 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастар 1975, 1963, 1977, 1958, 2015, 1957, 1991, 1992, 1971 жылдары туған Тараз қаласының тұрғындары болып шықты.  Олардың ішінде үш ер адам, бес әйел және бір бала бар.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, барлық науқастар осы уақытқа дейін ауырғандармен үй ошағы бойынша байланыста болған. 23 сәуір күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 88 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Тараз қаласында 35 жағдай, Байзақ ауданында 4, Жамбыл ауданында 4, Қордай ауданында  33, Меркі ауданында 2, Мойынқұм және Шу ауданында бір-бір адамнан анықталған. Сондай-ақ, «Дели – Тараз» рейсінен 6 оқиға, Атырау облысындағы теңіздегі вахталық кентінен келген қызметкерлер арасында 2 оқиға анықталған. Науқастардың ішінен 31 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауымен үй карантиніне шығарылған.