• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2020

Атырау және Ақтөбе облыстарында ауа райы бұзылады - «Қазгидромет» РМК

1171 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, 24 сәуірде Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа қарай ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Сондай-ақ 24 сәуір күндіз Атырау қаласында солтүстік-батыстан соққан күшті жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

24 сәуір күндіз Ақтөбе облысында батыстан және оңтүстік-батыстан екпінді жел соғады. Кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында батыстан жел соғады. Жел екпіні 18 м/с дейін болады.