• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Сәуір, 2020

Карантин: Сұлулық салондары қауіпті нысандар қатарына жатады

370 рет
көрсетілді

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен сұлулық индустриясы нысандарының қызметіне тыйым салынғаны аян.

«Карантин кезінде сұлулық салондары қауіпті нысандардың қатарына жатады. Қызмет көрсету ерекшелігінің өзі (шаш қию, сәндеу, шашты бояу, маникюр және т.б.) шебер мен клиент арасындағы өте жақын (1 метрден кем) және ұзақ (30-40 минут және одан көп). Сондықтан шебер індет жұқтырған жағдайда, барлық клиенттер оған жақын байланыстағылар  тізіміне кіреді және айналасына қауіп төндіреді».

Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдай жақсарған жағдайда, саланың осы түрін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енгізу туралы мәселе қаралатын болады.

Өз кезегінде Жедел штаб карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің бар екендігін еске салады. Санэпидемиялық қызмет органдары тарапынан бақылау күшейтілген.