• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 24 Сәуір, 2020

Медицина қызметкерлеріне 3,3 млрд теңге аударылды

292 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларына қатысатын медициналық ұйымдарды қаржыландыру мәселелеріне арналған онлайн баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов, сондай-ақ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов қатысты.

Эпидемияға қарсы іс-шараларға қаты­сатын медицина қызметкерлеріне қаржылық қолдау көрсету мақсатында денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысына үс­теме­ақы белгілеу ережесі әзірленгені бел­гі­лі, онда тәуекел топтары, алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі және төлем мөл­шері анықталған болатын.

А.Жұмағұловтың ақпараты бойынша, Денсаулық сақтау министрінің 4 сәуірдегі бұйрығына сәйкес 3 тәуекел тобы анықталып, медициналық қызметкерлердің тізімін қалыптастыру тәртібі және төлем мөлшері бекітілген.

«Мысалы, бірінші топқа коронавирусы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері мен басқа да стационар­ларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері кіреді. Үстеме жұмыс істе­ген кезеңге тепе-тең айына 20 есе ең төмен­гі жалақы мөлшерінен (850 мың теңге) аспайды, екінші топқа провизорлық стацио­нарлардың дәрігерлері, орта және кіші меди­циналық қызметкерлері, сондай-ақ жедел медициналық жәрдемнің дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанындағы (шұғыл шақырудың 4 санаты туралы сөз болып отыр), сондай-ақ олар тартылған жағдайда санитарлық авиацияның дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлері, оларға үстеме айына 10 есе ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды (425 мың теңге), ал үшінші топқа дәрігерлер, карантиндік стационарлардың орта және кіші медициналық қызметкерлері, жедел медициналық көмек бригадаларының жүргізушілері, сондай-ақ эпидемияға қар­сы іс-шараларды жүргізуге тікелей қаты­сатын зертханалардың мамандары, СЭС қызметкерлері, эпидемияға қарсы іс-шара­ларға байланысты биологиялық материалды алу үшін ЖРВИ, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға белгіленген шұғыл стационарлардың және жедел-жәрдем ме­дициналық емханалары ұйымдарының қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері, жедел штабтардың мүшелері, блок-бекеттерде карантиндік режімді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау қызметкерлері кіреді, үстемеақы айына 5 есе ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды (212 мың теңге). Үстемеақы алушылардың тізімдерін өңір­лік комиссиялардың жедел штабтары қалып­тастырады, олардың төрағалары болып өңірлер әкімдерінің орынбасарлары тағайындалады. Комиссиялардың құрамына денсаулық сақтау басқармаларының, өңірлік, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, үкімет­тік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Үстеме­ақы республикалық бюджет қаражаты есебі­нен жүргізіледі. Қор төлемдерді комиссиялар беретін тізімдер бойынша жүргізеді», деді ол.

Сонымен қатар А.Жұмағұлов өз сөзінде атап өткендей, жалпы эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медициналық қызмет­керлерді қаржылай қолдауға 35,7 млрд теңге бөлінген. Наурыз айында 17,4 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне 3,3 млрд теңгеден астам қаржы аударылған. Ең үлкен сома Алматы мен Нұр-Сұлтан қала­сының медицина қызметкерлеріне (шамамен 1,9 млрд теңге) төленген.

«Ең көп үстемеақы үшінші санат бойынша төленді – шамамен 9 мың қызметкерге 846 млн теңге. Екінші тәуекел тобы бойын­ша  1,8 млрд теңгені 7 мың медицина қыз­меткері алды. Бірінші санаттағы 1 400 медицина қызметкері 717 млн теңге алды. Оның ішінде 2,5 мың емхана қызметкерлері жалпы сомасы 185 млн теңгеге, сондай-ақ «Жедел жәрдем» бригадаларының 4 мың қызметкері жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге ынталандырылды», деді А.Жұмағұлов.