• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2020

Алматы полициясы балалар үйіне қолдау көрсетті

246 рет
көрсетілді

Полиция департаменті қызметкерлерінің балалар үйіне жасап отырған алғашқы көмегі емес. Бостандық ауданында орналасқан №1 балалар үйі тәрбиеленушілерінің  арасында болашақта ішкі істер органдарында қызмет еткісі келетіндер бар екен.

Осы орайда  Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов «Балалар біздің мұрагерлеріміз.  Жасөспірім кездерінің өзінде нақты мақсаттар қойғаны өте жақсы.  Бүгін, біз, қиын сәттерде балаларды қолдауға келдік. Оларға спорттық сабақтар, экскурсиялар, құқықтық тренингтер өткізуді жоспарлап отырмыз және қажет болған жағдайда көмектесеміз», - деп атап өтті.

Ал №1 балалар үйінің директоры Ғалия Омарова полицияға қолдау көрсеткендеріне алғасын білдіріп, балалар үйінде барлық қажеттіліктер бар екенін атап өтті.  Алайда балалардың жылдам есеюі, физикалық тұрғыдан дамуы үшін қосымша спорттық жабдықтар қажет.  Сондықтан да Бостандық ауданының полиция қызметкерлерінің мұндай қамқорлығына ризамыз, деді.  

 

 

АЛМАТЫ